Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы атынан ақша бопсалаған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы атынан ақша бопсалаған

Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, экс-басшының әріптестерінен ақша сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар өздерін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, экс-басшының әріптестерінен ақша сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті алаяқтық жасады деген екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Алаяқтар Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның танысына қоңырау шалып, 300 мың теңге аударуды сұраған.

"Аймұрзиеваның танысы саспай, оған өзі қоңырау шалып, алаяқтардың қоңырауы туралы айтты. Аймұрзиева полицияға арыз жазған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, екі күдікті анықталды. Олардан айғақтар алынды. Күдіктілер Аймұрзиеваның танысы емес. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуандық Алпыс.

Мәншүк Аймұрзиева қоңырау оның атынан жеке медициналық мекеме басшыларының біріне түскенін айтты.

"Алаяқ өзін мен деп таныстырып, менің колонияда отырғанымды айтқан. Ақша аударатын шотты айтқан. Полиция нақты жұмыс жасады. Күдіктілерді ұстады", - деді ол.

Полиция биыл өңірде 500-ге жуық алаяқтық тіркелгенін атап өтті. Көбінесе олар облыс аумағынан тыс жерде жүріп, іздеуді қиындатады.

Еске салайық, Мәншүк Аймұрзиеваға "Немқұрайдылық" бабы бойынша 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Экс-шенеунік Атыраудың перинаталдық орталығында бала қайтыс болғаннан кейін жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети