Алаяқтар елорданың 400 гектар жерін заңсыз иемденген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар елорданың 400 гектар жерін заңсыз иемденген Фото golosislama.ru сайтынан

Әділет басқармасының бұрынғы бастығы өз сыбайласымен бірге жалған құжаттарды жасап, елорданың іргесінде 6,4 миллиард теңгенің 379 гектар жерін заңсыз иемденіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап. 

Бүгінде әділет басқармасының бұрынғы бастығы Долдин 4 жылға бас бостындығынан айыру жазасына шартты түрде кесілсе, оның сыбайласы - Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғыны Ахметов 4 жылға жалпы колонияға тоғытылатын болды. Оған қоса, оның жеке мүлкі тәркіленбек.  

"Олар жалған құжаттардың негізінде Ильинка кентінің солтүстік-шығыс жағында 379 гектар жерді заңсыз иеленген. Сөйтіп, мемлекетке 6,4 миллиард теңгеге шығын келтірді. Бүгінде аталған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген қаржы полициясының ресми хабарламасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети