Алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар мемлекеттен 800 миллион теңге субсидия алған Фото:elements.envato.com

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орындамай, шот-фактуралар жазып берген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидиялар алуға электронды өтінімдер берілген.

"Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Бұл азаматтар мемлекеттен 800 миллион теңгеден аса сомаға субсидия алған. Алаяқтық деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети