14 шілде 2015 | 15:43

"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаев сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астана мамандандырылған ауданаралық сотында Әліби ісіне қатысы бар үшінші фигурант Арман Әбілтевтың ісін қарау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астана мамандандырылған ауданаралық сотында Әліби ісіне қатысы бар үшінші фигурант Арман Әбілтевтың ісін қарау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, осы іс бойынша басты сот отырысы 11 маусымда басталған болатын. Ол кезде сот алдына Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков келді. Арман Әбілтаев болса ол кезде іздеуде болған. Сот процесі басталғаннан кейін бір аптадан соң Әбілтаев ұсталды. 2 шілдеде Әбілтаевтың ісі прокуратурадан мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. 

Еске сала кетейік, сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Соттың мәліметінше, процеске қатысушылар Әбілтаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар іздеп жатыр, ал ол өзі кінәсін мойындаған жоқ. Осыған орай Әбілтаев пен Жамалиевтің істері біріктірілді. Процесс қатысушылары куәгерлердің сөздерін тыңдап, іс материалдарын қайта қарайды.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деп отыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети