"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды © Астана ІІД баспасөз қызметі

"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚҚКБ қызметкерлері "Арлан" арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру іс шаралары кешені барысында аса ауыр қылмысқа барды деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген 1980 жылғы Арман Әбілтаев ұсталды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, іздеуде жүрген Арман Әбілтаев сырт келбетін өзгертіп жіберген. Ол Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Арман Әбілтаев ұсталғанға дейін және кейін (оң жағы)

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. 24 жастағы жігітті соққыға жықты деген күдікпен кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталды. Ал, үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа іздеу жарияланған болатын.

11 маусымда Астанадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында "Әліби ісі" деп аталған мәселеге қатысты соттың алғашқы іс қарауы өтті. Сот тыңдауына Алена Жамалиева мен Айнұр Исина келді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети