Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иә, сотқа келіп түсті, Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.
Осы жылдың 16 маусымда Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті - мемлекетаралық іздеуде болған 35 жастағы Арман Әбілтаевтің ұсталғаны хабарланды. Бұған дейін елорда ІІД өкілдері күдікті Әбілтаевтің қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүріп, түр-тұлғасын айтарлықтай өзгерткенін хабарлады. Ол ұсталғаннан кейін Астананың ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Осы іске байланысты соттың іс қарауы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында жабық түрде өтіп жатыр. Жамалиевпен бірге оның бұрынғы жүргізушісі Анатолий Прибытков та сотталушы ретінде қаралып жатыр.