Алматы облыстық соты Александр Кузнецовтың өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға ауыстыру туралы қаулының күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облыстық соты Александр Кузнецовтың өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға ауыстыру туралы қаулының күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші инстанция үкімінің күші жойылды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Енді Александр Кузнецов колонияға қайтадан қайтарылады.
Осыған дейін Қапшағай қала сотының үкіміне зардап шегушінің ағасы Дәулет Мұратқалиев шағымданған болатын.
Дәулет Мұратқалиев Александр Кузнецовтың бостандыққа шығуы туралы Facebook әлеуметтік парақшасында жазған.
Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді.
Кейін Алматы қалалық сотында бұл іс бойынша аппеляция берілді. Сот сараптама ісі мен Мұратқаливетің денесін қайта эксгумациялау үкімін шығарды. 28 қаңтарда 2016 жылдың қаңтарында Александр Кузнецов ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалған болатын.
Ал 2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шықты - оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы - 1 097 281 теңге.