Александр Кузнецов Ыстанбұлға ұшып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бостандық аудандық ІІБ қызметкері хабарлады.
Александр Кузнецов Ыстанбұлға ұшып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Бостандық аудандық ІІБ қызметкері хабарлады.
"22 тамызда Бостандық аудандық ІІБ-не судья Жантасовтың Кузнецовты өтелмеген жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберу туралы үкімі түсті. Осыған байланысты Жергілікті полиция қызметіндегілер жедел-іздестіру шараларын жүргізді, Кузнецовтың пәтеріне барды. (...) Куәгерлердің сөзіне қарағанда, олар Кузнецовты изоляторға қамалған кезінен бері көрмеген. Қазіргі уақытта Кузнецовтың 13 тамызда елден кетіп, Turkish Airlines (Алматы-Ыстанбұл) рейсімен ұшып кеткені анықталды. 13 тамыз сағат 6.45-те ұшып кетіп, әлі оралған жоқ", - деп хабарлады полицей.
"Осыған байланысты Кузнецовқа іздеу жариялау қажет. Кузнецовқа іздеу жариялауды сұраймын", - деді полицей.
Мұның алдында 2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шыққан болатын - оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы - 1 097 281 теңге.
Бірақ 14 тамызда Алматы облыстық соты бұл шешімді алып тастады. Сондықтан Кузнецов қайтадан колонияға жеткізілуі тиіс болатын.
Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді.