Әлеуметтік желіде ақтөбелік тұрғынды алдап, ақшасын жымқырған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде ақтөбелік тұрғынды алдап, ақшасын жымқырған ер адам ұсталды © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбелік тұрғынды әлеуметтік желіде алдап, ақшасын жымқырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік тұрғынды әлеуметтік желіде алдап, ақшасын жымқырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті Айнұр деген атпен жалған парақша ашып, әлеуметтік желі арқылы жәбірленушімен байланысқа шыққан. Екеуара танысып, араласқаннан кейін алаяқ жәбірленушіден түрлі себептермен қарызға ақша алып отырған.

"Осылайша, екі ай ішінде 26 жастағы ер адам үш миллион теңге ақшасынан айырылды. Полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам бұл әрекетін мойындады, ол әлеуметтік желіде қыздың атын пайдаланып, профиль ашып, әртүрлі сылтаулармен жәбірленушіден қарызға ақша сұрағанын айтты", - делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети