Әлеуметтік желілерде Ақтауда қызды зорлады делінген ер адам жайлы қауесет таратқандардың кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зорланған алты жасар қызды ұрлау және зорлау ісіне қатысты тергеу жұмыстарына арналған брифинг барысында Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Қайрат Далбеков мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірше әлеуметтік желілерде алты жасар қызды зорлады делінген ер адам мен оның отбасы жайлы жалған ақпарат таратып, Интернетке расталмаған мәліметтерді жүктеген азаматтардың үшеуі ұсталды", - деді Далбеков.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.