"Альфа банк" бөлімшесін тонаған деген күдіктілер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Альфа банк" бөлімшесін тонаған деген күдіктілер қамауға алынды ©Tengrinews.kz

"Альфа-Банк" АҚ қызметкері Максим Бескишкин және оның сыбайласы деген күдікке ілінген Иван Жуков қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматының Бостандық ауданы прокуратурасының мәліметі бойынша, сот істің екі фигурантына қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. 

Максим Бескишкин және Иван Жуков "Арай" тұрғын үй кешенінде орналасқан "Альфа банк" бөлімшесіне шабуыл жасаған деген күдікке ілініп отыр. 27 маусымда сағат 17:39-да ІІД-ге Айманов көшесіндегі "Альфа банк" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, 65 миллион теңге тоналғаны туралы хабарлама түскен. Сағат 16:40-та белгісіз тұлға жер төле арқылы "Альфа банк" ғимаратына кіріп, банктің 65 миллион теңгесін алып кеткені анықталды. Кейін қоңырауларды тыңдау арқылы күдіктілер анықталып, 30 маусымда ұсталды. Полиция күдіктілерден ұрланған 65 миллион теңгені тауып, айғақ ретінде іске қосты. 

Ал "Альфа банк" өкілдері қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатқанын және тонаудың банк қызметіне еш әсер тепегенін айтады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети