Әліби ісі: Үшінші күдіктінің ісі сотқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әліби ісі: Үшінші күдіктінің ісі сотқа жетті Арман Әбілтаев. ©Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, сотқа келіп түсті, Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы жылдың 16 маусымда Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті - мемлекетаралық іздеуде болған 35 жастағы Арман Әбілтаевтің ұсталғаны хабарланды. Бұған дейін елорда ІІД өкілдері күдікті Әбілтаевтің қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүріп, түр-тұлғасын айтарлықтай өзгерткенін хабарлады. Ол ұсталғаннан кейін Астананың ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Осы іске байланысты соттың іс қарауы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында жабық түрде өтіп жатыр. Жамалиевпен бірге оның бұрынғы жүргізушісі Анатолий Прибытков та сотталушы ретінде қаралып жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети