Алматы әуежайында суық қару контрабандасы әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында суық қару контрабандасы әшкереленді ©Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері суық қару контрабандасының жолын кесті деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері суық қару контрабандасының жолын кесті деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылдың 31 наурызында Алматы халықаралық әуежайында "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Душанбе - Алматы әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының азаматын құрықтады. Ұсталған күдіктінің жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған көлемі әр түрлі үш дана суық қару тәркіленген", - делінген хабарламада.

Кедендік бақылау департаменті бұл оқиғада ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") 4 тармағы бойынша қылмыстық істің белгілері бар деп отыр, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Қырғызстан шекарашылары елге суық қару партиясын заңсыз алып өткен Қазақстан азаматшасын ұстаған болатын. Әйелдің қол жүгінің арасынан M-16 винтовкасына арналған 20 сүңгі пышақ, 30 әскери пышақ, оқ қағатын кеудеше, арнайы жасақ өкілдеріне арналған бетперде табылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети