Алматы әуежайының екі қызметкері жолаушының жүгінен ұялы телефон мен зергерлік бұйым ұрлады деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайының екі қызметкері жолаушының жүгінен ұялы телефон мен зергерлік бұйым ұрлады деген күдікпен ұсталды

"Ақтөбе-Алматы-Киев" рейсімен ұшқан жолаушының жүгінен ұялы телефон мен сырғаларды ұрлады деген күдікпен "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ жолаушылар тасымалының екі қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ІІД сілтеме жасап. 

Зардап шеккен жолаушы 2017 жылдың 28 қаңтарында Алматы әуежайындағы Желілік ішкі істер бөліміндегілерге хабарласқан. Оның айтуынша, 2016 жылдың 25 желтоқсанда "Ақтөбе-Алматы-Киев" рейсімен ұшып келгенде, жүгінен жаңа ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар - сырғалар жоғалып кеткен. Ер адамның айтуынша, ол заттарының жоғалғанын Киев әуежайында ғана білген.

"Көлік полициясындағылар "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ жолаушылар тасымалының екі қызметкерінің жұмыс орнында алдын ала келісім бойынша ұрлық жасағанын анықтады", - деді көліктегі ІІД өкілдері. 

Ұрланған зат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ұсталған қызметкерлердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети