Алматы автопаркі қызметкерлері 76 млн теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы автопаркі қызметкерлері 76 млн теңге жымқырған © Нұрғиса Елеубеков

Алматы муниципалдық автобус паркінің лауазымды тұлғаларына жолақы ретінде алынған 76 млн теңгені жымқырды деген күдік келіп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап. "Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаменті Муниципалдық автобус паркі лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігі, "б" тармағы ("Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 2011-2012 жылдары жолаушылар көлігіне жолақы төлемі ретінде түскен жалпы сомасы 76 млн теңге болатын қаржыны иемденіп алу жолымен жымқырған", - делінген хабарламада. Муниципалдық автопарк - "Алматыэлектротранс" ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі. Оның 100% акциясы Алматы қаласы әкімдігіне тиесілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети