Алматы барахолкасында күзетшілер пышақтасқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы барахолкасында күзетшілер пышақтасқан © "Территория происшествий"

Алматыда "Рахат" базарында күзетшілер арасында жанжал болған, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Рахат" базарында күзетшілер арасында жанжал болған, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, "Рахат" базарында күзетші мен оның бұрынғы әріптесі екеуі ішімдік ішіп, сөзге келіп қалған. Содан бірі екіншісіне екі рет пышақ салған. Нәтижесінде зардап шеккен адам қашпақшы болады. Бірақ солтүстік айналымға келгенде ер адам көп қан жоғалтқандықтан есінен танып қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі барған. Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр

Күзетші өз кінәсін мойындады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети