Алматы метросының станциясын "жарып жібермек" болған адам ұсталды

© Vesti.kz мұрағатынан

Алматы метросының станциясын "жармақшы" болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті - қаланың 17 жастағы тұрғыны. Ол бұл қылмысты бұзақылық ниетте жасаған.

"Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге Алматының Жетісу аудандық ішкі істер басқармасында ҚР ҚК 273-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы метросының "Райымбек батыр" станциясында адамдардың эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Алматыда жарылғыш зат қойылды делінген хабарламадан кейін Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан станциядағы адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, сонымен қатар өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Метрополитеннің басқа да станциялары қоршауға алынды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама