02 маусым 2015 21:55

Алматы метросының "Райымбек батыр" станциясында адамдар эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда жарылғыш зат қойылды делінген хабарламадан кейін Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан "Райымбек батыр" станциясында адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, сонымен қатар өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Метрополитеннің басқа да станциялары қоршауға алынды.

Tengrinews.kz тілшісіне берген хабарында Алматы қалалық ІІД баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек "Райымбек батыр" станциясында жарылғыш зат бар делінген хабарлама "102" пультіне түскенін хабарлады. Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету қызметі тартылды. Жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады. Болған оқиға дерегіне сәйкес ҚР ҚК 273-бабы (Лаңкестік акт жайлы жалған хабарлама тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети