Алматы облысында браконьерлерден заңсыз мылтықтар тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында браконьерлерден заңсыз мылтықтар тәркіленді Сурет Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен

Алматы облысының тәртіп сақшылары арнайы іс-шара барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан үш азаматты анықтап, оларға әкімшілк хаттама толтырды. Олардан еш жерде тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және құжаты бар 1 мылтық тәркіленді,- деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қапшағай қаласы және Балқаш аудандық полициясымен бірлескен рейдтік шара барысында Балқаш ауданының 3 тұрғынына заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, саятшылық құрып, белсенді демалысты ұнататындарға еліміздің заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді, профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері қару-жарақтың заңсыз айналымынан 146 мылтық тәркіленді. Аталған қару-жарақ баллистикалық сараптамадан өткізілген соң, олар жою мақсатында балқытуға жіберіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында облыс тұрғындарына кез-келген қару түрін полицейлерге өткізіп, арнайы сыйақы алу мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта 8 миллион теңге қаржы бөлініп, жүз елуден аса қару сатып алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети