Алматы облысында іздеуде болған педофил ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында іздеуде болған педофил ұсталды ©yxxx.org

Алматы облысында біржарым жыл бұрын республикалық іздеу жарияланған педофил ұсталды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық ІІД мамандары хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында біржарым жыл бұрын республикалық іздеу жарияланған педофил ұсталды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық ІІД мамандары хабарлады. 

2013 жылдың шілдесінде Іле ауданының тұрғынына қатысты "Кәмелетке толмағандарды азғындау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Полицияға бес жасар қыздың анасы арызданған еді. Ол ауруханаға жату үшін қызын құрбысының үйіне қалдырғанын айтты. Ауруханадан шыққаннан кейін қыздың жыныстық зорлыққа ұшырағанын байқайды - ол туралы қыздың өзі айтып берген. Медициналық сараптама қыз баланың зорланбағанын анықтады. Дегенмен әйелдің құрбысының танысы - 27 жастағы ер адам күдікті ретінде қарастырылды.

Ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынғаннан кейін күдікті полициядан ізін жасырған. Оған республика көлемінде іздеу жарияланды. Күдікті біржарым жылдан соң Іле ауданынан ұсталды. ІІД мәліметінше, ол осы уақыт ішінде еліміздің бірнеше қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс бойынша тергеу жанданды.

Бұған дейін Павлодарда алты жастағы балаға тиіскен педофилдің ұсталғаны хабарланған болатын. Полицейлер аурухана маңында бұталардың түбінен ер адамды кішкентай баламен бірге көрген. Қаскөй ер адамға тиіспек болғанымен, зорлық көрсетіп үлгермеді деп шамаланып отыр. Ол полицейлерден қашып кетуге тырысты. Баланың таяқ жегені көрініп тұр, оның бетінің көгергені және мұрнының сынғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети