Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісі: Сотталушылар алқабилер сотынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісі: Сотталушылар алқабилер сотынан бас тартты КТК телеарнасының кадры

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш ағайынды Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарылхан және Әлімхан Қадылбектің өлімі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне соттың баспасөз қызметі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш ағайынды Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарылхан және Әлімхан Қадылбектің өлімі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушылар тізімінде Мұрат Оңалбеков пен Талғат Сүлейменов бар. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Сондай-ақ, қылмыс туралы хабарламады деп жергілікті малшы сотқа тартылып отыр. Оңалбаевтың адвокаты Меркебек Мәкенбаевтың айтуынша, сотталушылар алқабилер сотынан бас тартқан. "Істі кәсіби судья Мұхитдин Тозтахунов қарайды. Бас соты отырысы 17 қарашаға белгіленген", - деп хабарлады ол.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін. Кейінірек Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, мәжілісте де қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты әңгіме болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети