Алматы облысында "Қазпочтаның" бұрынғы қызметкері миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Қазпочтаның" бұрынғы қызметкері миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды

Алматы облысында "Қазпочтаның" бұрынғы қызметкері миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Алакөл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында "Қазпочтаның" бұрынғы қызметкері миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Алакөл аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

"Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасымен М. есімді азаматшаның арызын қарау барысында "Казпочта" АҚ АОФ-ның Алакөл аудандық почта байланысы торабының, Қабанбай ауылының почта байланысы бөлімшесінің бұрынғы операторы К. есімді азаматша, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, М. есімді азамтшаның есеп-шотынан жалпы сомасы 1 000 000 теңге ақшаны жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Биыл 2 наурызда аудан прокуратурасы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, оның нәтижесі бойынша, К. есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа жолданған.

7 сәуірде Алакөл ауданының №2 сотының үкімімен жоғарыда көрсетілген баппен К. есімді азаматша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, материалдық жауапты лауазымын атқару құқығынан екі жыл мерзiмге айырылып, екі жыл мерзімге бас бостандығы шектеліп, сотталды. ҚР рақымшылық туралы Заңына байланысты ол негізгі жазадан босатылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, келтірілген материалдық шығын талап-арыз незізінде "Казпочта" АҚ АОФ-на өндірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети