Алматы облысында шақалақты әжетханаға тастап кеткен көкек анаға қатысты сот үкімі шықты

Сотталған безбүйрек ана Алтынай Ақжолтаева. © КТК кадры

Алматы облысында ша?ала?ты ?жетхана?а тастап кеткен к?кек ана?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы облысында шақалақты әжетханаға тастап кеткен көкек анаға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жаңа туған баласынан жабайы түрде құтылмақ болған ол енді бір жарым жыл бостандық көрмейді. 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева жазасын енді жалпы тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс. 

Еске салаыйқ, жұрттың жағасын ұстатқан жайт Алматы облысындағы Ақши ауылында шілде айында болды. Жүктілігін жасырған бойжеткен нағашы әжесінің үйіне қонаққа келіп, толғағы қысқан соң ауладағы әжетханада босанған. Бірақ шақалақты бауырына баспай, шұңқырға тастаған. Құдай сақтап, Қарлығаш деген есім берілген нәресте аман қалды. Қазір ол қазір балалар үйінде. Ал тергеу кезінде 4 жарым ай темір торда отырған Ақжолтаева өз кінәсін мойындап, өкінгенімен, жазадан құтыла алмады.

Реклама
Реклама

"Кешіріңіздер. Бұлай боларын білмедім. Әжетханаға тастағым келмеді. Қызымды өзім тәрбиелегім келеді", - деді Алтынай Ақжолтаева.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама