29 шілде 2016 17:40

Алматы облысында әжетханадан табылған нәресте cәбилер үйіне ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарлығаш. Куәгер жолдаған сурет Қарлығаш. Куәгер жолдаған сурет

Ақши ауылындағы әжетханадан табылған нәресте сәбилер үйіне ауыстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық балалар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Арман Тойбеков хабарлады.


Ақши ауылындағы әжетханадан табылған нәресте сәбилер үйіне ауыстырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық балалар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Арман Тойбеков хабарлады.

"Қыз бүгін Шелек ауылындағы сәбилер үйіне ауыстырылды. Жағдайы жақсарды. Қазір ол белсенді. Қалыпты дамып жатыр", - деді дәрігер.

Еске салайық, есімін Қарлығаш деп қойған нәресте Алматы облысы Ақши ауылындағы әжетханадан 5 шілдеде табылған болатын. Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7.00-де табылған. Кейіннен нәрестенің анасы ұсталған еді. Анасы 1992 жылғы қыз болып шықты. "Ол Қарасай ауданында тіркелген. Ол босанған үйге қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері - оның туыстары. 2 жыл бұрын осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұл анықталады. Тергеу жүріп жатыр", - деген еді облыстық ІІД өкілдері.

Кейінірек сәбиді туыстарына беруге тыйым салынғаны айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети