Филиппиндегі жер сілкінісі: аймақ цунамиге дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппиндегі жер сілкінісі: аймақ цунамиге дайындалып жатыр Фото: Threads/@@dedymusrofinus

Әлеуметтік желілерде жойқын жер сілкінісі кезіндегі филиппиндік мектеп оқушылары түсірілген видео таралып жатыр. Кадрлардан балалардың жүрелеп отырып, күшті жер асты дүмпулерінен қалай қозғалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Әлеуметтік желілерде жойқын жер сілкінісі кезіндегі филиппиндік мектеп оқушылары түсірілген видео таралып жатыр. Кадрлардан балалардың жүрелеп отырып, күшті жер асты дүмпулерінен қалай қозғалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды жергілікті CDN Digital басылымы Facebook-те бөлісті. Бейнежазбада мұғалімдердің қауіпсіздік хаттамаларын сақтай отырып, оқушыларды ашық алаңға шығарғаны көрінеді.

"Малитадағы (Батыс Давао провинциясы) Махайяхай бастауыш мектебінің оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер Минданаоның оңтүстігінде болған магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі тудырған дүрбелең кезінде сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін орындады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жер сілкінісінің күшті болғаны сонша, бір сәтте оқушылар отырған алаңның маңындағы шатыр опырылып түседі. Бақытқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ - мектеп әкімшілігі бәрінің дін аман екенін растады. Дегенмен оқу орнындағы сабақтар уақытша тоқтатылған.

Тағы бір видеода бастауыш мектеп оқушылары стадионға ұқсас шатырдың астына тығылғаны байқалады.

@anadoluagency

📹 Дүйсенбі күні таңертең Филиппиннің оңтүстігінде 7,8 балдық жер сілкінісі болып, бастауыш мектепті шайқалтты ➡️ Кемінде 14 адам қаза тауып, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде

♬ Anadolu English - түпнұсқа дыбыс - Anadolu English

Басқа бір роликте Генсандағы ғимараттың құлағаны көрсетілген.

@wilsonbueranovlogs2

Филиппин, Минданао, Генсандағы 7,8 магнитудалы жер сілкінісі (8 маусым, 2026 жыл). Барлығыңыз аман болыңыздар 😭🥹🙏

♬ түпнұсқа дыбыс - Wilson Vlogs

Жер сілкінісі туралы не белгілі?

БАҚ мәліметінше, жер сілкінісі 2026 жылғы 8 маусымда таңертең Минданао аралының оңтүстігінде болған. АҚШ Геологиялық қызмет (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 болса, ошағы шамамен 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Генерал-Сантос қаласында жер асты дүмпулерінің қарқындылығы 7 балға жетті. Султан-Кударат провинциясы мен көршілес аудандарда - 6 балға жуық болды.

ITV мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жарақат алған.

Өңірдегі цунами қаупі

Жер асты дүмпулерінің күшіне байланысты Тынық мұхитындағы цунами туралы ескерту орталығы шұғыл хабарлама таратты: алдағы үш сағат ішінде Филиппин, Индонезия, Палау, Тайвань және Папуа-Жаңа Гвинея секілді бірнеше мемлекеттің жағалауында цунами қаупі сақталады.

Жапония да жағдайға байланысты әрекет етті. Жергілікті билік өзінің Тынық мұхиты жағалауының едәуір бөлігінде цунами қаупін жариялады.

Бұған дейін желіде Филиппиндегі жер сілкінісінен кейінгі алғашқы кадрлар пайда болды. Жарияланған видеоларда Генерал-Сантос қаласындағы ғимараттардың опырылу сәті түсірілген.

TengriTravel
;