Қазақстанның танымал курортында әуежай жұмысы қайта басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның танымал курортында әуежай жұмысы қайта басталды Фото Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметімен ұсынылған

Балқаш әуежайы 1 маусымнан бастап жолаушыларды қайта қабылдай бастады. Тұрғындар мен туристер үшін Астана мен Алматыға тұрақты рейстер ашылды, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Балқаш әуежайы 1 маусымнан бастап жолаушыларды қайта қабылдай бастады. Тұрғындар мен туристер үшін Астана мен Алматыға тұрақты рейстер ашылды, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Қайда ұшуға болады?

Қазіргі уақытта Балқаштан екі бағыт бойынша рейстер орындалады:

  • Астана – Балқаш – Астана: күн сайын;
  • Алматы – Балқаш – Алматы: аптасына 6 рет.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәліметінше, екі бағыттағы билет құны 16 мың теңгеден басталады.

Жолаушылар үшін не өзгерді?

Реконструкциядан кейін әуежайда заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жаңартылған терминал пайда болды.

Ғимаратта электрон таблолар мен жаңа жүк таспасы орнатылып, жиһаздар мен ұйымдастыру техникасы ауыстырылды.

Жолаушылар үшін қосымша жағдайлар қарастырылған:

  • екі қабатта орналасқан ана мен бала бөлмелері;
  • дәмхана;
  • медициналық пункт;
  • мүгедектігі бар жандарға бейімделген инфрақұрылым, соның ішінде көтергіш (лифт), бедерлі көрсеткіштер және арнайы санитарлық бөлмелер.

Әуежай сағатына 80 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады деп күтіледі.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реконструкция кезінде не істелді?

Өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәліметінше, әуежайды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын.

Кейінгі жылдары мұнда ұшақ жүретін жол мен перрон реконструкцияланып, арнайы көлік қызметі ғимараты салынды, сондай-ақ аэровокзал жаңартылды.

Терминалды қайта жаңғырту барысында ғимараттың тарихи сәулеттік келбеті сақталып, ішкі бөлмелері толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Сонымен қатар, әуежайға ұшып келу және ұшып кетудің жаңа аймақтары, сондай-ақ қызметкерлерге арналған әкімшілік-тұрмыстық кешен салынған.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Балқаш әуежайын реконструкциялау туралы 2024 жылғы маусымда белгілі болған еді. Ол кезде ұшақ жүретін жол мен перронның жөнделіп жатқаны, ал жобаның жалпы құны 3,8 миллиард теңге болатыны хабарланған болатын.

TengriTravel
;