21 шілде 2016 16:46

Ақши ауылында әжетханадан табылған сәбиді туыстарына беруге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақши ауылында әжетханадан табылған сәбиді туыстарына беруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, сәби осы ауруханада жатыр.

Жаңа туған нәрестені Алматы облысындағы Ақши ауылында әжетханаға өзінің анасы тастаған. Қазіргі уақытта қыз салмақ жинай бастады және дәрігерлердің қарауында. Ауруханадағылардың айтуынша, сәбиге құжат жасалды және Қарлығаш деген есім беріліпті. Дәрігерлер оны әзірше ауруханадан шығармайды.

"Сәби баяу емеді, сондықтан оны ас ішуге үйрету керек. Кейін ғана оны ауыстыру туралы мәселе шешіледі. Қамқоршылық органдары Қарлығашты туыстарына беруге тыйым салды. Сондықтан, оны сәби үйіне өткіземіз, туыстары алғысы келсе, олар қамқоршылық және құқық қорғау органдарына баруы тиіс", - деді емдеу-профилактикалық аурухана директорының орынбасары Арман Тойбеков.

Еске салайық, сәби әжетханадан 4 шілдеде табылған еді. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Үш күннен кейін оның анасы табылды. Ол 24 жастағы Алтынай Ақжолтаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети