Алматы облысында студенттер көңіл көтеру үшін көлік ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында студенттер көңіл көтеру үшін көлік ұрлаған ©avto-ass.com

Алматы облысында үш студент көңіл көтеру үшін автокөлік айдап әкетумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында үш студент көңіл көтеру үшін автокөлік айдап әкетумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу материалдарына сәйкес, 8-13 қараша аралығында әзірше көлігін ұрлатқан бес адамның бар екені белгілі болды. Айдап әкетілген көліктерді полицейлер оқиғадан бірнеше сағат өткен соң Талдықорғанның түрлі аймағынан тауып отырған. Жедел топ қалада соңғы бес күнде көлік ұрлауға бір ғана топ адамның қатысы барын анықтады.

Бұл нұсқаны полицейлер айтқан, бұл жорамал 18-19 жастағы студенттер ұсталғаннан кейін расталды. Студенттер көлікті көңіл көтеру үшін ғана ұрлағанын айтты. Берілген кепілдің есебінен студенттерге қатысты "ешқайда кетпеуі туралы қолхат" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети