Алматы облысында такси жүргізушісін мылтықпен қорқытып, көлігін тартып алғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында такси жүргізушісін мылтықпен қорқытып, көлігін тартып алғандар ұсталды © EAOMedia

Алматы облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талғар аудандық полициясы 25 жастағы көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, өміріне қауіп төндіріп, көлігін алып кетті деген күдікпен 25-30 жас аралығындағы 3 азаматты ұстады.

Оқиға Талғар ауданында болған. 17 желтоқсанда зардап шеккен жігіт Алматы қаласындағы көшелердің бірінен 3 жігітті көлігіне мінгізіп, айтылған жерге жеткізуге келіседі. Күдіктілер Талғар ауданының аумағына жеткенде жүргізушіні қарумен қорқытып, қол-аяғын байлап, көліктің жүксалғышына салған. Кейінірек, Жаңалық ауылының маңында жол бойына тастап кеткен.

"Осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Талғар аудандық полициясының жедел-іздестіру тобы құрылды. Іздестіру шаралары барысында аталған көлік табылып, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 азамат ұсталды. Олардың шолақ мылтығы табылып, тәркіленді және қылмыс құралы ретінде іс материалдарына тіркелді", - деді полиция өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети