Алматы облысында үш полицей ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында үш полицей ұсталған адамды азаптағаны үшін сотталды © zn.ua

Алматы облысы Алакөл аудандық ІІБ қызметкерлері ұсталған адамды азаптағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Алакөл аудандық ІІБ қызметкерлері ұсталған адамды азаптағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алакөл аудандық соттың шешімімен Талғат Нүрпейісов, Руслан Базекенов және Айдын Туұсынханов ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігі 3-тармағы - "Азаптаулар" және 414-баптың 1-бөлігі бойынша - " Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау" айыпты деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 414-бабының 1-бөлігі бойынша әрқайсысы бір жылға бас бостандығынан, 146-баптың 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік қылмыстық-атқару мекемелерінде өтейді", - деді Алматы облыстық сотындағылар.

Сонымен қатар, сот Талғат Нүрпейісовті полиция майоры атағынан, Базекеновті полиция лейтенанты атағынан, ал Тұрсынхановты полиция капитаны атағынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар сот үкіміне шағымдана алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети