Алматы облысындағы қылмысқа қатысты күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы қылмысқа қатысты күдіктілер ұсталды Фото ©РИА Новости сайтынан алынды

Полиция қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық әрекеттерге күдікті азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық әрекеттерге күдікті азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қылмыс 11 сәуірде орын алған. Қарақшылар медициналық бетперде киіп кәсіпкердің үйіне кірген. Олар үйдегі егде жастағы әйелді қарумен қорқытып, ұрып-соғып, қымбат бұйымдарды және миллион теңге көлеміндегі шетел валютасын алып кеткен.

Қарасай аудандық Ішкі істер қызметкерлері мен Алматы облысы Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері 4 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Олардың үшеуі Қостанайдан келген, біреу алматылық азамат болып шықты. Тұтқындалғандардан "Стражник" пистолеті тәркіленген. 

Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап, түсініктеме берді. Қазір олар қамауға алынып, "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері осы топтың облыстағы басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети