Алматы облысының тұрғыны экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды Tengrinews © иллюстрациясы

Алматы облысының тұрғыны экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс материалы бойынша, Сарқанд ауданының тұрғыны діни-экстремистік сипаттағы аудиофайлды басқа біреуге бергені үшін айыпталды. Бұл файлдардың мазмұнына қатысты сот психолого-филологиялық сараптама жүргізілді. Сондай-ақ, ер адам үйінің намазханасында діни қарым-қатынас белгісі бойынша азаматтарға дінді басқаша насихаттаған және бөтен діндермен күресуге шақырған. 

Сарқанд аудандық соты оны "Терроризмді немесе экстремизмді насихаттау және терроризм мен экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру" баптары бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша оған бес жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты, енді ол өз жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Апелляциялық инстанция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

Бұдан бұрын Алматы облысында "Таблиғи-Жамағат" діни-экстремистік ұйымының мүшелері ұсталған болатын. Екі ер адамға қатысты тыйым салынған ұйымға қызмет ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органының мәліметінше, ұсталған азаматтар сотпен тыйым салынған діни бірлестіктің мүшесі болып шыққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети