Алматы полициясы мейрамханада қыздардың төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы мейрамханада қыздардың төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр

Алматы полициясы мейрамханалардың біріндегі қыздардың төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы мейрамханалардың біріндегі қыздардың төбелесі түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видео фастфуд сататын дәмханалардың бірінде түсірілген. Видеодан екі қыздың сөзге келіп қалғанын, оның соңы төбелеске ұласқанын көруге болады. Жанжалға дәмхананың басқа да клиенттері араласып, оларды ажыратуға тырысады. Дегенмен қыздар төбелесті тоқтатпады. Видео 37 секундқа созылған.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!


© YouTube/Данияр Еникеев

Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек полицияның видеонs тексергенін хабарлады. Ол қалада мұндай дәмхананың бесеуі бар екенін, оқиғаның нақты қайсысында болғаны әзірше анықталмағанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети