Алматы қалалық МКД қызметкері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық МКД қызметкері аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Д.Е.Назаров Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері бола тұрып, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып осы басқарманың бұрынғы қызметкері Р.Б.Конусовпен аса ірі көлемде - 10 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, екеуі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 8 тамызында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Д.Е.Назаров пен Р.Б.Конусовты ұстады.Ал 11 тамызда Алматының Алмалы аудандық сотының шешімімен Д.Е.Назаров пен Б.Конусов екі айға қамауға алынды', - деп хабарлады Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети