Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Adidas пен Reebok сауда белгісін қолдана отырып, контрафактілік спорттық аяқкиімдерді тігумен айналысқан астыртын цехтің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары "Алматыда "Көлеңкелі экономикамен" күрес акциясы аясында жүргізілген. Цех Жетісу ауданында жұмыс істеген.

Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.
Барлығы 1500 дайын тұрған контрафактілік тауар тәркіленді. Сондай-ақ, астыртын цехте 40-тан аса қызметкердің жұмыс істегені анықталды.

Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі.
Осы аяқкиімерді өндірумен айналысқандар жұмыстың барлығын Айнабұлақ-1 ықшамауданында, Алматы мен еліміздің басқа да өңірлерінде орналасқан базарлардағы жекеменшік дүкенде жасаған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының 1-бөлігі бойынша ("Тауар белгісін заңсыз пайдалану") қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек іс материалдары сот органдарына жолданады.