Алматыда әйел полицейді ұрып-соққан ер адам жындыханаға жіберілді

Биыл с?уір айында Алматыда ?йел полицейді ?рып-со??ан ер адам психиатрлы? стационар?а м?жб?рлі емделуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайы?, о?и?а ?алалы? мектептерді? біріні? ауласында бол?ан.

Биыл сәуір айында Алматыда әйел полицейді ұрып-соққан ер адам психиатрлық стационарға мәжбүрлі емделуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, оқиға қалалық мектептердің бірінің ауласында болған.

"16 тамызда Андрей Ким Алатау аудандық сотының ҚР Қылмыстық кодексінің 16-бабының негізінде шығарылған қаулысымен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды ("Есi дұрыс еместiк" - Авт.). Ол есі дұрыс емес жағдайында ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабында ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" - Авт.) қарастырылған қылмыстық заңбұзушылық жасаған. Осы қаулы бойынша оған қатысты өндіріс тоқтатылып, Андрей Ким мамандандырылған түрдегі интенсив бақылаудағы психиатрлық стационарға жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылардың Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында. 

Соттағылар қаулының әзірге күшіне енбегенін және шағым түсіруге болатынын хабарлады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама