Полицей әйелді ұрып-соққан ер адамға қатысты жантүршігерлік істің беті ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы мектеп алаңында полицей әйелді ұрып-соққан ер адам өз әкесін өлтіргені үшін сотталған, - деп хабарлайды Patrul.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы мектеп алаңында полицей әйелді ұрып-соққан ер адам өз әкесін өлтіргені үшін сотталған, - деп хабарлайды Patrul.kz

Басылымның мәліметінше, ер адам Ақтас ауылындағы психиатрлық емханада үш жылға таяу уақыт болыпты, айта кетсек, осы емханада адамжегіш Николай Жұмағалиев өмір сүріп жатыр.

Ұсталған Кимнің айтуынша, ол Симба деген итін қыдыртып жүріп, анда-санда мектеп территориясына кіреді екен. Осы жолы футбол алаңында ол таныс баланы көріп қалған екен. Ол балаға үйінен балта әкеліп, ағаш бұтақтарын шабуды бұйырыпты. Жетінші сынып оқушысы оның айтқанын істеген. Осы кезде оны ювенал полицияның инспекторы көріп қалған. Инспектор балаға ағаштан түсуін және сабағына баруын сұраған. Өз міндетін атқару үстінде полицей ер адамның құжаттарын және балаға қандай қатысы барын сұраған. Ким ойланбастан баласы екенін айтқан. Осы сөзін сендіру үшін ер адам баланы ұстап, әкесі екенін айтуын сұрапты. Еске салайық, оқиға Алматыдағы №114 мектепте биыл сәуірде болған. 

Ұсталған ер адам полиция офицеріне қол көтергені үшін өзін кінәлімін деп есептемейді екен. "Бала айтқанымды тыңдамаса, оны да ұрып-соғамын", - деді ол. 

Ер адамның айтуынша, полицейдің әрекеті оны ызаландырған, сөйтіп ол басымен ұрған, кейін жұдырығымен бетіне соққы жасай бастаған. Әйел құлаған кезде аяғымен ішінен тағы да бірнеше рет соққы жасаған. Мұнымен қоймай, ол полицей әйелді шашынан тартып, бетіне тізесімен соққы жасапты. Кейін оқиғаның куәгерлері оны тоқтатып, полицейді мектеп ғимаратына кіргізіпті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция жасағы шақыртылған. Сөйтіп, әйел мұрны сынып, көптеген зақым, бассүйек ми жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. 

Ал енді, Кимнің әкесін өлтіргені үшін сотталғаны белгілі болып отыр. Айтуынша, әкесі теледидардың пультін сұрағаны үшін ол оны өлтіріп тастаған. Ким бұл қылмысы үшін 2 жыл 7 айға сотталған. Бұл мерзімді ол Алматы облысындағы Ақтас ауылындағы арнайы түрдегі ауруханада өтепті.  

"Ким 2007 жылы кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның психикалық ауытқуы бар екені және соттың оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолданғаны белгілі болған. Осыдан кейін ол Ақтастағы республикалық психиатрлық ауруханаға жатқызылған", - деп хабарлады Алатау аудандық проукурор Ерлан Меңдешев.

Оның айтуынша, ер адам бұған дейін мәжбүрлі медициналық сипаттағы шаралар қолданылғандықтан, қазіргі ісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. "Егер сараптама Кимнің оқиға кезінде ақыл-есі дұрыс болған дегенді көрсетсе, ол 380-баптың 2-бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді Меңдешев.


© patrul.kz

Айта кетейік, Ким қазіргі уақытта екі айға қамауға алынған, бұл уақыт бойы ол тергеу изоляторында болады.

Сонымен қатар, Кимнің қылмыстық әрекеті кезінде әйелге көмекке келмеген дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты шара қабылдануы мүмкін. 

Мектеп директорының айтуынша, видеода үзінділер ғана көрсетілген. "Ол ажыратып жатқан, видеоға түсірген кезде ол көрінбей қалған. Ол сол жерде жүрді, ажыратты", - деп ақтап алғысы келді мектеп директоры өз қызметкері. Сөйтсек, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Омаров балаларға 5 жылдан бері сабақ беріп келеді екен. Әріптестерінің айтуынша, қазір ол қалада емес, балалармен бірге жарысқа кетіп қалыпты. Ал қайда кеткені нақтыланбайды. 

Аудан прокурорының айтуынша, білім беру бөлімі мектеп инспекторын Кимнен ажыратпаған мұғалімдерге қатысты шара қолдану мәселесін қарау үшін тексеріс бастайды екен. "Мұғалімнің ісі білім беру бөлімінің деңгейінде қарастырылады, қандай да бір тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдануы мүмкін", - деп мәлімдеді Меңдешев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer