Алматыда әл-Фараби даңғылында мемлекеттік нөмірі жоқ кортеж видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әл-Фараби даңғылында мемлекеттік нөмірі жоқ кортеж видеоға түсірілді Видеодан алынған кадр

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көліктер мен жол талғамайтын көліктердің кортежі түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көліктер мен жол талғамайтын көліктердің кортежі түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны әлеуметтік желіде блогер Александр Цой жариялады. Видеода мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді көруге болады.

"Біздің полиция қызмтекерлері ІІМ реформалары мен қылмыс деңгейін азайту мақсатында жұмыс істеп жатқан кезде Алматы тәртіпсіздікке толған қала айналып жатыр. Мұнда сені тапа-тал түсте тонап, көлік айнасы үшін өлтіріп кетуі мүмкін. (...) Күндіз орталық көшеде мемлекеттік нөмірі жоқ, көлеңкеленген терезелермен және арнайы дабылдарды қосып қойып, артқа қарай қозғалып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған көліктердің салдарынан жолдан келеңсіздік болды. Ал былайша, ия, бізде қылмыс деңгейі азайып жатыр", - деп жазған блогер видеоның сипаттамасына.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

 Полиция қызметкелері видеодағы адамдардың іздестіріліп жатқанын айтады.

"Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны осы видеодағы адамдарды іздестіруге кірісті. Шаралар қолданылып жатыр. Барлығы жазаланады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети