Алматыда алаяқ 8 сотық жер алып беремін деп 30-дан аса адамды алдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқ 8 сотық жер алып беремін деп 30-дан аса адамды алдап кеткен

Алматыда жер телімдеріне қатысты бірнеше рет алаяқтықпен айналысқан ер адам ұсталды. Қазірдің өзінде 30 адам зардап шеккен, қала полицейлері алданып қалған басқа да адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаскөй өзін жер комитетінің қызметкері ретінде таныстырған.

"Адамдар сену үшін 1972 жылғы Амантай Белгібаев қолдан құжаттар дайындап, өз құрбандарына көрсетіп отырған. Ол адамдарға көшеде, яғни кез келген жерде ұсынған", - деді Наурызбай аудандық ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев. 

Алаяқ өзін Талғат Орланұлы деп таныстырып, алданған адамдарға жалған координаттарды беріп отырған. 

"8 сотық жер алып беретініне сендірген ол келісім кезінде алдын ала ақша алып отырған, шамамен 20-30 мың теңге. Сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеуге де көмек беретінін айтқан. Қазіргі уақытта ол тергеу барысында 30 адамды осындай тәсіл арқылы алдап кеткенін мойындады. Бұл тізім одан да көп болуы мүмкін, - дейді Өтебаев. 

Құқық қорғау органдарындағылар Белгібаевтың қамауға алынғанын айтты. 

Суреттен таныған болсаңыз, мына нөмірлерге хабарласыңыз: 254-44-62, 254-44-64 и 8-778-185-57-02.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети