Алматыда "Альфа банк" бөлімшесін тонағандар 7 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Альфа банк" бөлімшесін тонағандар 7 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматыдағы "Альфа-банк" бөлімшесін тонағандарға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматыдағы "Альфа-банк" бөлімшесін тонағандарға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cоттың үкімімен Иван Жуков пен Максим Бескишкин жеті жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленді.

Сотталғандар үкімге 15 күн ішінде шағым түсіре алады. Сондай-ақ, осыған дейін сот отырысы барысында тергеу органдарының көмегімен банкке 65 миллион 310 мың теңгенің қайтарылғаны айтылған еді.

Еске сала кетейік, биыл 25 маусымда Алматыдағы "Альфа-банк" бөлімшесінен 65 миллион теңге тоналған болатын. Максим Бескишкин және Иван Жуков "Арай" тұрғын үй кешенінде орналасқан "Альфа банк" бөлімшесіне шабуыл жасаған деген күдікке ілініп отыр. 27 маусымда сағат 17:39-да ІІД-ге Айманов көшесіндегі "Альфа банк" бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, 65 миллион теңге тоналғаны туралы хабарлама түскен. Сағат 16:40-та белгісіз тұлға жер төле арқылы "Альфа банк" ғимаратына кіріп, банктің 65 миллион теңгесін алып кеткені анықталды. Кейін қоңырауларды тыңдау арқылы күдіктілер анықталып, 30 маусымда ұсталды. Полиция күдіктілерден ұрланған 65 миллион теңгені тауып, айғақ ретінде іске қосқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети