Алматыда арақ-шарап шығаратын жасырын цех анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арақ-шарап шығаратын жасырын цех анықталды © yarnovosti.com

Оңай олжаны көздегендер Алғабас елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде қымбат спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Оңай олжаны көздегендер Алғабас елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде қымбат спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Заңсыз кәсіптің көзін тапқандарды Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары анықтады. Алдымен олар Алматы облысы Іле ауданында дайын өнімдер тиелген жүк көлігін ұстаған. Ішінен 60 жәшік коньяк тәркіленді. Кейін бұл заңсыз өнімдердің барлығы Алматыдағы астыртын цехта дайындалғаны анықталған. Ол жерді тінту барысында 500 бөтелке дайын арақ-шарап, жүздеген литр спирт, жалған акциздік маркалар мен арнайы арақ құюға арналған құрылғы тәркіленді.

"Цех 1-1,5 жылдай уақыт жұмыс істеп келген. Арақтарды Қарасай, Талғар, Іле аудандарындағы сауда орындарына өткізген", - деді Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы Кәкімбек Көпжасаров. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети