Алматыда арнайы операция кезінде ұсталғандар есірткі және зорлау істері бойынша сотты болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция кезінде ұсталғандар есірткі және зорлау істері бойынша сотты болған

Қару-жарақ пен жарылғыш зат сақтау бойынша ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қару-жарақ пен жарылғыш зат сақтау бойынша ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандардың екеуі Алматы тұрғыны, тағы екеуі Алматы облысының және біреуі Павлодар қаласының тұрғыны екені хабарланды. Сонымен қатар, ұсталғандардың есірткі сату, зорлау, бұзақылық және бөтен мүлікті тонау бойынша сотты болғандар. 

Бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алғаны хабарланған еді. Куәгерлер кәріз құдығында белгісіз қаптың табылғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден полицейлердің қоршауға алынған жерді тексеріп жатқанын көруге болады. Жолда металл темірлер, түтіктер, сонымен қатар шыны бөтелкелер мен белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелке жатыр. Кадрдан полицейлердің табылған заттардағы саусақ іздерін тексеріп жатқанын байқауға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети