Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды ©Youtube желісінен алынған кадр

Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы полициясы 26 наурызда Интернетте пайда болған видеожазбаны зерттей отырып, автобусты жүргізу үстінде ұялы телефонына қарап отырған жүргізушінің аты-жөнін анықтады", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, №63 автобустың 28 жастағы жүргізушісі қазіргі уақытта әкімшілік полиция басқармасына жеткізілді. Жүргізушіден жауап алынады. Мұнымен бірге, полицейлер оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабының 1-бөлімінде қарастырылған құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік материал жинақталып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, Алматыда автобус жүргізушісі кондукторға қоғамдық көліктің рулін "бұрып көруге" берген болатын. Жолаушылардың бірі автобусты қауіпті жағдайда басқарған жүргізушіні ұялы телефонына түсіріп, Желіде жариялады. Видеоның авторы жазбаның сипаттамасына бұл оқиғаның 25 наурызда сағат 11.40 шамасында, әл-Фараби даңғылымен батыс бағытында жүріп бара жатқан кезде болғанын жазған, тіпті маршруттың номері де көрсетілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети