Алматыда "бизнес-леди" 15 000 доллар ақша жымқырғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "бизнес-леди" 15 000 доллар ақша жымқырғаны үшін сотталды

Алматыда біреудің сеніміне кіріп, оның 15 000 доллар ақшасын заңсыз иеленген әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, бұл оқиға 2016 жылдың наурызында болған.

"Осыған дейін сотты болған әйел бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында сәтті бизнес-леди түрінде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен "N.M." ЖШС-ға "Қазақ ұлттық Лотереясы "Бинго-Лотодан" лицензия алуды себеп қылып, оған мүмкіндіктері жоқ екендігін біле отырып, жәбірленушінің 15 000 долларға тең сомасын заңсыз иемденген", - деп хабарлады соттағылар.

Осылайша, сотталушы жәбірленушіге 5 234 400 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, оған "Рақымшылық жасау туралы" Заңының талаптар қолданылды. Осылайша, ер адам 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети