Алматыда бұрынғы қаржы полицейлері қылмыстық топ құрамында болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрынғы қаржы полицейлері қылмыстық топ құрамында болған ©Tengrinews.kz

Қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы аумағында ұзақ уақыттан бері мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының атын жамылып заңға қарсы әрекет еткен, жалған кәсіпорын ашып ақша табумен айналысқан, құрамында қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері бар ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі және 215-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері мен оның басшысының және оларға қолдау көрсеткен қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері анықталды.

"Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері мен компания кеңселерін тінту барысында түрлі компанияның 70-тен аса мөрі, 96 мың 140 фунт стерлинг қолма-қол ақша, 598 мың доллар мен жылжымайтын мүлікті иеленуге құқық беретін құжаттар тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұйымдасқан қылмыс топ мүшелері 20-дан аса жалған кәсіпорын ашқан, олардың 2012 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың желтоқсан айына дейінгі ақша айналымы 60 миллиард теңгеден асқан, олар бюджетке салық төлемей 14 миллиард теңге шығын келтірді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 мүшесі қазіргі таңда Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр, олар: Ильин, Федотов, Баудинов, Кәрімов, Зубарев, Әбдиев, Есенжанов, Шәукеров. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети