Алматыда емшектегі сәбиін 180 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда емшектегі сәбиін 180 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды ©Mediaovd.kz

Алматы облысы Іле ауданының 27 жастағы тұрғыны өз сәбиін сатпақ болды. Келіншек қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматыда босанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Іле ауданының 27 жастағы тұрғыны өз сәбиін сатпақ болды. Келіншек қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматыда босанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Д деген азаматшаның өз баласын сатпақ ойы болған. Босанғалы бері жас ана өз сәбиіне ата-ана іздеген. Сатып алушы тез табылды. Анасы өз қызын 180 мың теңгеге бағалады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Полицейлердің айтуынша, сауда таяуда Бостандық ауданында кешкі сағат шамамен 19.00-де жасалды. "Бұл уақытта арнайы операцияның нақты жоспары болды. Айта кетейін, жедел хабарламаны біздің бөлімшенің қызметкерлері дер кезінде тексерді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Таңат Назанов. 

Бала сатушыдан куәгерлердің көзінше 180 мың теңге тәркіленді. Келіншек өз кінәсін бірден мойындап, ақшаға материалдық жағдайын жақсартқысы келгенін айтты.

"Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жаңа талаптарына сәйкес, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Күдіктіден жауап алынды. Оның айтуынша, бұған дейін ол екі бала босанып, оларды перзентханада тастап кеткен. Бұның рас-өтірігі тергеуден кейін анықталады. Мұнымен қатар, тергеу аясында бұл таң қалдыратын оқиғаның нақты мотиві анықталады. Айта кетейік, бұл қылмыс заң тілінде кәмелет жасына толмағандар саудасы деп аталып, ҚР ҚК 135-бабының нормасы бойынша қарастырылады", - деді тәртіп сақшылары.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды базарында бір әйелдің өз баласын сатпақ болғаны хабарланған еді. Полицияға хабарласқан куәгер, базарда бір әйелдің емізулі баланы сатпақ болып жүргенін айтады. Оқиға орнына жедел жетіп, әйелді құрықтаған кезде оның мас екені белгілі болған. Алайда ол баласын сатпақ болғанын мойындамаған. Өзінің қызын сатпақ болған әйелге қатысты ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігі - "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети