Алматыда ер адамдар жолды бөлісе алмай, біреуі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамдар жолды бөлісе алмай, біреуі қаза тапты

Алматыда жол бойында болған жанжалдың салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы қаза тапқан жігіттің әпкесі Зарина Лазарева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, Рысқұлов пен Момышұлы көшелерінің қиылысында көлікпен келе жатқан белгісіз ер адам менің ағама оған жол бермегені үшін аң аулайтын қарумен оқ атты. Сондықтан да абай болыңыздар, жолда ешкіммен жанжалдаспаңыздар", - деп жазды ол.

Алматы қалалық ІІД өкілдері ер адамның қаза тапқаны жайлы мәліметті растады. Бұл оқиға Алатау ауданында болған.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды. Олардың арасында жанжал туып, салдарынан 1982 жылғы ер адамды аң аулайтын қарумен атып өлтірген. Ұсталғандар қамауға алынды", -  деді ІІД өкілдері.

Ал кейінірек қаза тапқан ер адамның әпкесі полицейлер мен күдіктілерді ұстауға көмектескендерге, сондай-ақ, қалада видеобақылау құрылғыларын орнатқандарға алғыс айтты. Зарина Лазарева әлеуметтік желіде жазған хабарламасын өшіргенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети