Алматыда көше ұрылары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көше ұрылары ұсталды © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері екі көше ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері екі көше ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, ұрылар қылмыстық әрекеттерін түнгі уақытта жасап жүрген. Олардың ерекше белгілері болмаған, алайда ұрылардың бірі ұзын бойлы екен.

"Зардап шеккендер ұрыларды сипаттаған кезде, бірінші кезекте олардың бірінің ұзын бойлы екенін айтты. Бүгінде біз қарақшылардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен екі әйелді анықтадық. Олардың жасаған қылмыстарының барлығын зерттей отырып, бұзақылардың тек әйелдер сөмкесі мен ұялы телефондарды ұрлағаны анықталды. Біздің бөлімшенің қызметкерлері ұрылардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ұсталған екі ер адам Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген. Осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған", - деді Әуезов ауданының ІІБ басшысының бірінші орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

Сондай-ақ, полицейлер осы ер адамдарды таныған тұрғындардан мына нөмірлер бойынша хабарласуларын сұрайды: 298-53-00 немесе 298-53-01.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети