Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады видеодан үзінді

Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісіне көлік орындығын бұлғауына байланысты қосымша ақы талап еткені үшін пышақпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас жолаушы такси жүргізушісіне көлік орындығын бұлғауына байланысты қосымша ақы талап еткені үшін пышақпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылы 12 қаңтарда зардап шеккен такси жүргізушісі - азамат Б. 1987 жылғы Шұғыла ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласымен отырған отбасылық жұпты апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші қозғалыс кезінде балалардың бірі көлік орындығына құсқанын байқап, көлікті жуу үшін қосымша ақы сұраған. 

"Осындай талаптан кейін жүргізуші Б.-мен клиент - азамат С. 1989 жылғы мас күйде болған ер адам арасында жанжал шыққан. Сонымен қатар, ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, қосымша ақыны алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 

Бес-жеті минуттан соң азамат С. аулаға шығып такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Бірінші соққы оның сол қолының шынтағына тиген, ал екіншісі қарнына тиген. Осыдан кейін азамат Б. шабуылдаған ер адамнан қаша бастаған", - делінген полиция хабарламасында. 

Осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Күдікті ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????Паблик Для Народа ????????????????????⛔???? (@krispi.almaty)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети