Алматыда мектепте оқ атқан ер адам бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектепте оқ атқан ер адам бес жылға сотталды ©РИА Новости

Алматы мектептерінің бірінде атыс жасаған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мектептерінің бірінде атыс жасаған ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Әуеліде оған 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін екені хабарланған еді. Еске салайық, бұл оқиға 23 желтоқсан күні болды.

Іс Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабынан "Бұзақылық ниеттен денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіру" бабына ауыстырылған еді. Алматы мектептерінің бірінде, директордың кабинетінде болған оқиғаға Құрбанжан Бабазов есімді азаматтың өз әйелімен жанжалдасуы себеп. Бабазов жанжал кезінде қалтасынан тапанша шығарып, бірнеше рет оқ атады, оның салдарынан әйелінің інісі жараланды. 

"Екі рет оқ атылды, мен оның қайда тигенін білмей қалдым. Қорқып кеттім де, бұрышқа тығылдым, ол маған қару кезенді, үрейленіп отыра кеттім. Ол тағы бірнеше рет оқ атты. Үшінші ме, төртінші ме оқтан кейін айқайлай бастадым. Дәлізде менің бауырым тұрды, ол кіріп келгенде, бұл оны көздеп тағы атты, оқ бауырымның басына тиді", - дейді Бабазовтың бұрынғы әйелі Майнұр Тағырова. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети